Қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллиннің алимент төлеу мәселесіне қатысты дау шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желі қолданушысы Марал Баққара әншінің кәмелетке толмаған ұлына бірнеше жыл бойы алимент төлемегенін мәлімдеп, оған қатысты сын айтты. Оның айтуынша, әншінің алимент бойынша берешегі бар және бұл мәселе сот деңгейінде қаралып жатыр.
Желіде жарияланған жазбада автор Нұрлан Абдуллинді ұлы алдындағы міндеттемелерін орындауға шақырып, алимент қарызын өтеуді талап еткен. Сондай-ақ ол әншінің қайырымдылыққа қаржы бөлгенімен, өз баласына қатысты мәселелер шешілмей отырғанын атап өткен.
Автордың сөзінше, қазіргі таңда бұл жағдайға байланысты сот процестері жалғасуда. Жазбада әншінің 62 жаста екені және 8 жастағы ұлымен соттасып жүргені туралы да айтылған.
Әзірге Нұрлан Абдуллин тарапынан бұл мәселеге қатысты ресми пікір жарияланған жоқ.