Оралда құрылыс жұмысы кезінде ер адамды топырақ басып қалды

Оралда құрылыс жұмысы кезінде ер адамды топырақ басып қалды
Видеодан скриншот

Орал қаласында құрылыс жұмыстары кезінде 60 жастағы ер адамды топырақ басып қалды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары зардап шегушіні аман алып шықты, деп хабарлайды ult.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Абай даңғылы бойындағы құрылыс алаңында болған. Іргетасты оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте 1966 жылы туған ер адамды опырылған топырақ басып, ол өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамды шұңқырдан шығарып алды. Кейін ол медициналық тексеруден өткізу үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Зардап шегушінің қазіргі жағдайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.