Оқушылардың мектепте телефон пайдалану ережесі бекітілді

Оқушылардың мектепте телефон пайдалану ережесі бекітілді
ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде оқушылардың смартфон пайдалану қағидаларын бекітті. Бұйрық 9 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ult.kz.

Енді білім алушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқу мақсатында, яғни тапсырманы орындау үшін қажет болса;
  • Оқушының өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда;
  • Денсаулық жағдайы бойынша ұялы байланыстың пайдалану қажеттілігі туындаса.

Яғни, қалған жағдайларда ұялы телефонды қолдана алмайды. Оқушы сабақ барысында телефонын өшіруі немесе дыбыссыз режимге қоюы тиіс.