
Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.
"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді Гүлбаршын Байжігітова.