Желіде Маркиза атымен танымал блогер Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасы жайлы алғаш рет ашық айтып берді. Ол екеуінің таныстығы әлеуметтік желіден басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы Маркиза журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімелеген.
Оның айтуынша, шамамен алты ай бұрын Еркебұлан Тоқтар Instagram арқылы алғаш болып өзі жазған. Кейін блогер оған гүл де жіберген.
Алайда сол уақытта Маркиза ауырып жүргендіктен, хабарламаға бірден жауап бере алмаған. Еркебұлан біраз уақыттан кейін қайта байланысып, гүлдің ұнаған-ұнамағанын сұраған. Осыдан соң Маркиза оған алғысын білдірген.
Қызығы, Маркиза Еркебұлан Тоқтардың елге танымал блогер екенін бастапқыда білмегенін айтқан.
«Мен оның кім екенін мүлдем білмедім. Парақшама жазылған кезде ғана 2,5 миллион оқырманы бар екенін көрдім. Сосын өзінен: “Сен соншалықты танымалсың ба? Өзің кімсің?” деп сұрадым. Ол қатты таңғалып, ұялып қалды», – деді блогер.
Осылайша олардың қарым-қатынасы әлеуметтік желідегі қарапайым хат алмасудан басталып, кейін жақын араласуға ұласқан. Маркиза екеуінің арасындағы қарым-қатынастың шынайы екенін де атап өтті.