Әлеуметтік желіде “Кешью” тобына қатысты өткір пікір білдірген кейуананың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Бейнежазбада кейуана продюсер Баян Алагөзова мен “Кешью” тобының шығармашылығын сынға алып, олардың қазіргі бағыт-бағдарына көңілі толмайтынын жеткізген. Кейуана топтың сахнадағы образдары мен әрекеттерін құптамайтынын айтып, оларды тәубеге келуге шақырған.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әжейдің көзқарасын қолдаса, енді бірі оның қарғыс айтуын орынсыз деп бағалады.
Пікір қалдырушылар арасында: “Әркімнің өз талғамы бар”, “Жастарға ұнайды”, “Сынды қарғыссыз да жеткізуге болады”, “Әр буынның көзқарасы әртүрлі” деген пікірлер жиі жазылды.