
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары арасындағы Олимпиада ойындары, докторантура мен магистратураға тапсыру да электронды форматқа көшкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы минист Facebook желісіндегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдап, қолдау білдірген. Асхат Аймағамбетов биыл электронды форматқа көшкен тек ҰБТ емес екенін айтады.
"Біріншіден, оқушылардың пәндік Олимпиадасы. Біз биыл ақпан айында алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электрондық форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар, арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалай алып, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді. Бұған қоса, біз биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесін де өзгерттік. Бұрын қазылар алқасы мүшелеріне балалардың жұмыстары пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалай алды", - дейді министр.