Нұрсұлтан Жақсыген Руслан Өтепбайға пікір білдірді

Нұрсұлтан Жақсыген Руслан Өтепбайға пікір білдірді
Фото: видеодан кадр

Фариза Алмазқызының бұрынғы күйеуіне қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Іске қатысты сот үкімі жақын күндері шығуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін Фариза Алмазқызы әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуіне қатысты мәлімдеме жасап, бірқатар жазбалар мен скриншоттарды жариялаған болатын.

Сол материалдардың бірінде Фаризаға қатысты «боди қызметімен айналысады, астаналықтар біледі» деген мазмұндағы айыптаулар айтылған.

Алайда Нұрсұлтан Жақсыген бұл жазбалардың өзіне тиесілі екенін жоққа шығарып отыр.

Қазір тараптардың ұстанымдары сотта қаралып, істің мән-жайы анықталуда. Ал кімнің сөзі шындыққа сәйкес келетініне және айтылған айыптаулардың негізділігіне сот құқықтық баға береді.