Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қызылорда облысы әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", делінген хабарламада.

Еске салайық бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын Роман Скляр атқарған болатын. Скляр мемлекет басшысының жарлығымен кеше Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.