Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің жеті жылы жекелеген шешімдерді ғана емес, ел дамуының негізгі бағытын бағалауға мүмкіндік береді. Мұнай-газ саласының сарапшысы әрі Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Қазақстан экономикасындағы терең өзгерістерге талдау жасады. Оның пікірінше, реформалардың ең белсенді кезеңі 2022 жылдан кейін басталды, ол кезде мемлекет үлесін азайту, бәсекелестікті дамыту, жеке бизнесті қолдау және әртүрлендіру мемлекеттік басымдықтарға айналды.
Сарапшы ЖӨӨ көлемін ғана емес, ішкі сапалық өзгерістерді талдаудың маңыздылығын атап өтеді. 2019 жылдан 2025 жылға дейін елдің номиналды ЖӨӨ $181,7 млрд-тан $306 млрд-қа дейін өсті, бұл ретте 2025 жылы экономиканың нақты өсімі 6,5% құрады. Негізгі үлесті өнеркәсіп, сауда, көлік және құрылыс салалары қосты.
Дүниежүзілік банктің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінің ЖӨӨ-дегі үлесі 2019 жылғы 11,5%-дан 2025 жылы 12,7%-ға дейін артты. Шикізаттық емес сектордың оң динамикасы экономика құрылымының біртіндеп түрленуін көрсетеді, хош шикізатқа тәуелділік мәселесі әлі де өзектілігін сақтап отыр.
Қаржы саласында депозитік базаның нығаюы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымда айтарлықтай илгерілеу байқалады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі жан басына шаққанда 22,2-ден 25,1 шаршы метрге дейін артты, ал 2025 жылы 20,3 млн шаршы метрден астам жылжымайтын мүлік пайдалануға берілді. Қазақстан сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексінде 66-орыннан 52-орынға көтерілді.
Нұрлан Жұмағұлов экономикалық қайта құрулар мемлекеттік институттарды реформалаумен қатар жүріп жатқанына баса назар аударады:
«Алдағы кезеңде басты міндет ЖӨӨ өсімінің бірнеше жылын қамтамасыз ету ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік орнықтылығын сақтай отырып, анағұрлым бәсекеге қабілетті әрі технологиялық экономика құру болып табылады».
Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттердің қарқынды өсуін сарапшы Қазақстан үшін сауданы, логистиканы кеңейту және ортақ нарықты қалыптастыру бойынша қосымша мүмкіндік ретінде бағалайды.
Қазақстанда дамыған қаржылық база, инфрақұрылым және адами капитал қалыптасқан. Жұмағұловтың бағалауынша, келесі кезеңде ел табысының негізгі факторлары шикізатты терең өңдеу, қосылған құны жоғары өнім экспортын арттыру, технологиялық даму және жеке сектордың рөлін нығайту болмақ.