Филиппин аралдарының Багуио қаласында лай көшіп, үйлерді басып қалды. Салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, үш тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға ел астанасы Маниланың солтүстігіндегі таулы ауданда болған.
Апатқа бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр себеп болған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, еріктілер мен құтқарушылар адамдарды екі күн бойы іздестірді. Ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Кордильера өңірінде су тасып, көптеген үйге зақым келген.