Freedom Inside '26

Ниқаб пен маскаға бақылау күшейді: ІІМ ескерту жасады

Ниқаб пен маскаға бақылау күшейді: ІІМ ескерту жасады
unsplash

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзін бүркемелеп жүрген азаматтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, жаңа норма күшіне енгеннен бері 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту жасалған.

«Заңда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Алайда норма жақында ғана күшіне енгендіктен, полиция әзірге азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертумен шектеліп отыр», – деді Санжар Әділов Сенат отырысынан кейін.

Еске салсақ, былтыр қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретіндей етіп бүркемелеуге қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізілген болатын. Заң талаптарын алғаш рет бұзғандарға ескерту беріледі, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұған дейін Атырау облысында бет-жүзін бүркемелеген 11 адамның жауапқа тартылғаны хабарланған еді.