Непалдағы табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы із-түзсіз жоғалып, оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстан азаматтары Непал мен Қытай шекарасына жақын табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін.
Бұған дейін жоғалған азаматтардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өткен болуы ықтимал екені хабарланған.
Қазір Сыртқы істер министрлігі жоғалған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста. Дипломатиялық ведомство олардың орналасқан жерін анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.