Назарбаев елорданың бас мешітінде жұма намазға қатысты

Назарбаев елорданың бас мешітінде жұма намазға қатысты


Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазына елорданың бас мешітіне барды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазына елорданың бас мешітіне барды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрметті қонағы, "Әл-Азһар" университетінің жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды", - деді ол Twitter-де.