Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

NASA айға ұшуға арналған соңғы зымыран қозғалтқышын орнатты

NASA айға ұшуға арналған соңғы зымыран қозғалтқышын орнатты

SLS аса ауыр зымыран тасығыштың бірінші сатысында соңғы, төртінші, қозғалтқыш RS-25 орнатылған. Бұл туралы АҚШ-тың Аэроғарыш және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма басшысы Джим Брайденстайн Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«SLS зымыранының бірінші сатысының биіктігі 212 фут (65 метр), барлық жағынан төрт байланыстырушысы бар RS-25-пен қосылған. NASA »Аполлон« кемесіне арналған Saturn V тасығышын салған сәттен бастап бұл ең ірі қозғалтқышқа айналды», - делінген хабарламада.

Тағы бір айта кетерлігі, «Orion» атты басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру 2024 жылға жоспарланып отыр.