Экс-депутат әрі журналист Мақсат Толықбай «МузАРТ» тобының қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, өнер ұжымының құрметіне аллея ашу, ескерткіш орнату немесе олардың есімімен тұрғын үй кешенін атауды ұсынды, деп хабарлайды ult.kz.
Оның пікірінше, «МузАРТ» отандық музыка индустриясында жаңа кезеңнің басталуына ықпал етіп, қазақ эстрадасының дамуына зор еңбек сіңірген.
Бұл ұсыныс әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді. Бірі мұндай құрметке лайық деп есептесе, енді бірі мұндай бастаманың әлі ерте екенін айтып, өзге де лайықты тұлғалар бар екенін алға тартты.