Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты

Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты
instagram

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев-тің қызы Алтынай Жәкішеваның Лондонда некесі қиылғаны белгілі болды. Жас келін бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, енді ресми түрде «Mrs. OJ» атанғанын жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақпаратқа сәйкес, неке қию рәсімі 9 мамыр күні Ұлыбритания астанасындағы Лондон ратушасында өткен. Шараға тек жақын туыстар ғана қатысқан. Желі қолданушылары салтанатты сәттің қарапайым әрі талғампаз форматта өткенін атап өтіп, жас жұбайларға жылы лебіздерін білдіруде.

Алтынай Жәкішева қазіргі уақытта Лондонда тұрады. Ол модельдік бағытта жұмыс істейтіні және инвестициялық саламен байланысты шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққаны айтылады.

Фото: instagram әлеуметитік желісінен

Өз парақшасында ол сол күнгі ауа райы туралы да бөлісіп, бастапқыда жаңбыр күтілгенімен, рәсім күні Лондон аспаны ашылып, күннің жарқырағанын жазған.

Еске салайық, Мұхтар Жәкішев — Қазақстандағы ірі ұлттық компанияларды басқарған, ел экономикасындағы аты жиі талқыланатын тұлғалардың бірі. Ол 1998–2009 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын басқарған. 2009 жылы сот шешімімен бас бостандығынан айырылып, 2020 жылы мерзімінен бұрын босатылған еді.