Танымал блогер әрі көпбалалы ана Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол жаңа автокөлік сатып алғанын көрсетіп, бұл жетістігін балаларының несібесімен байланыстырды, деп хабарлайды ult.kz.
Блогердің айтуынша, бес баласы оның өміріндегі ең үлкен тірегі мен қолдаушысы. Ол балаларын өзіне әрдайым шабыт беретін жандар ретінде сипаттап, жаңа көліктің де отбасы үшін маңызды сый болғанын атап өтті.
«Құдай беремін десе, бір-ақ күн жетеді екен. Осы бес баламның бағы шығар, көлікті болдық», – деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанова енді жаңа көлігімен балаларын қыдыртып, отбасымен бірге көбірек саяхаттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Желі қолданушылары блогерді жаңа темір тұлпарымен құттықтап, отбасына амандық, береке мен бақ-береке тіледі.