«Мөлдір мен Бидаш болмағаны жақсы болды»: KeshYOU қоғамда қызу талқыға түсті

«Мөлдір мен Бидаш болмағаны жақсы болды»: KeshYOU қоғамда қызу талқыға түсті
Фото: ult.kz

KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концерті әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда, деп хабарлайды ult.kz.

Концерттен кейін көрермендер топтың әр кезеңдегі құрамдарын салыстырып, өз пікірлерін жарыса жазып жатыр. Әсіресе қазіргі құрамның өнеріне қатысты жылы лебіздер көп айтылды.

«Бұл концертте қазіргі құрам мүлде басқа қырынан көрінді. Өздерінің мықты екенін дәлелдегендей әсер қалдырды. Мөлдір мен Бидаш болмағаны жақсы болды», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Концерт соңында Бағым мен Баян Мақсатқызы сахнаға шығып, халыққа бас изеп, қайта кетіп қалғаны желі қолданушыларын тәнті етті.

«Ең қатты ұнағаны – Баян мен Бағымның үнсіз кеткендері. Іспен-ақ дәлелдеп тастады! Баянның әпкесін қолынан ұстап, шығуы, бәрі бәрі әдемі, жұп-жұмыр етіп көрсетті», – деді желідегідер.