Freedom Inside '26

Мөлдір Әуелбекова қиын жағдайға тап болды

Мөлдір Әуелбекова қиын жағдайға тап болды
Фото: әдеуметтік желі

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қиын жағдайға тап болғанын айтып, халқынан қолдау сұрады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында жариялады. 

Оның екі жыл бұрын салынған жап - жаңа үйін су басып, еден бәрі көтеріліп, жиһаздары бүлінген. 

«Бәрін су басқан, паркет көтеріліп кеткен. Алла сабырлы Мөлдірге одан әрі сабыр берсін деп тілеңіздер. Бірдеңе деп, қолдап қойыңыздар. Хайыр»,- деді өнер иесі. 

Оқырмандар қолдау білдіріп, барлығының оңалуын тіледі. 

«Көз тиген ғой», «Алла жеңілдік берсін», «Баянның қарғысы болар», «Баян әпшең бірдеңе оқытқан шығар», «Ұстазың ғой, ұстазың», «Бас аман болсын», деп жазды желі қолданушылары.