«Шалқып өмір сүріп жүр»: Мөлдір Әуелбекова мәлімдеме жасады

«Шалқып өмір сүріп жүр»: Мөлдір Әуелбекова мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желі

Мөлдір Әуелбекова тыңдармандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Әнші Мөлдір Әуелбекова ел аралап концерт беріп жүргенін айтып, өзін қолдайтын тыңдармандарына алғыс жеткізді.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында қазақ халқының кең пейілі мен өнерге деген құрметін ерекше атап өтті.

«Қазақтың пейіліндей пейіл жоқ шығар, сірә. Қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде. Сол кең пейілдің арқасында барлық өнер адамы шалқып өмір сүріп жүр. Өйткені қазақ халқы өнерді де, өнер иесін де әрдайым төбесіне көтерген», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол халықтың қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, өнер жолында ән арнаудан жалықпайтынын жеткізді.