Мөлдір Әуелбекова эфирден тыс қалғанын мәлімдеді

Мөлдір Әуелбекова эфирден тыс қалғанын мәлімдеді
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы уақытта эфирлерден тыс қалғанын айтып, әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі Threads парақшасында қысқа жазба жариялап:

«Эфирден тыс қалсам да, халықтың жүрегінде болғаным – мен үшін ең үлкен құрмет», – деп жазды.

Әншінің бұл жазбасы оның теледидардағы көрсетілімдерден тыс қалуына қатысты пікір білдіргені ретінде қабылданды. Бұған дейін әлеуметтік желіде Мөлдір Әуелбекованың кейбір концерттердегі өнер көрсетуі телеарна эфиріне шықпағаны талқыланған еді.

Атап айтқанда, әнші әрі сазгер Ұшқын Жамалбек бұған дейін өз концертіндегі Мөлдір Әуелбекованың өнер көрсетуі қиылып қалғанын айтып, оның себебіне қатысты сұрақ қойған. Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің «МузАРТ Fest» концертіндегі өнері де телеарнадан көрсетілмегенін жазған. 

Көпшілік көрермен бұған әншінің хиджаб киюі себеп болуы мүмкін екенін жазды.