Freedom Inside '26

Министр Шайдоров төңірегіндегі ақпараттық дауға қатысты пікір білдірді

Министр Шайдоров төңірегіндегі ақпараттық дауға қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/aiza_mambekova

Спорт қауымдастығында соңғы уақытта жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі – мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қатысты ақпараттық қысымның болуы. Бұл тақырып бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа да қойылды. Prokzsport Telegram арнасының жазуынша, министр сұрақтан жалтармай, мәселені объективті тұрғыдан бағалау қажет екенін айтқан, деп хабарлайды ult.kz.

«Негізгі ой өте қарапайым болды: сын қажет, бірақ ол нақты фактілерге сүйенуі тиіс. Соңғы айларда Михаил туралы түрлі пікірлер айтылды — «оған жай ғана жолы болды» дегеннен бастап, «жетістікке жүйенің арқасында емес, соған қарамастан жетті» дегенге дейін. Алайда даулы тақырыптар мен айқайлы тақырыптардың тасасында спортшының шынайы жетістіктері, күнделікті еңбегі мен нақты нәтижесі жиі назардан тыс қалып жатады.

Министр тағы бір маңызды мәселеге тоқталды: мұндай ақпараттық текетірестер ең алдымен спортшылардың өздеріне зиян тигізеді. Сондықтан қолдан жасалған қақтығыстарды қоздыра бергеннен гөрі, Қазақстанның атын халықаралық аренада танытып жүрген азаматтардың жетістіктері туралы көбірек айтқан дұрыс», — деп жазады арна.