Меркіде марқұм келіншектің киімдері мен заттарын бермей қойды

Меркіде марқұм келіншектің киімдері мен заттарын бермей қойды
Фото: видеодан кадр

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадинаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.

Жан Ахмадиев марқұмның қайвн жұрты қалың мал бердік деп киімдерін бермей қойғанын жазды. 

Айта кетейік, Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызы қайтыс болды. Жас келіншектің артында сегіз айлық сәбиі қалған. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралдары жазды. Мәлімет бойынша, Мадина Өзбекстан азаматы болған, ал күйеуі Қазақстан азаматы. Ерлі-зайыпты шамамен екі жыл некеде тұрған.

Қайғылы жағдайдың алдында Мадина жақын құрбысына күйеуімен арада жанжал болғанын айтып, ажырасқысы келетінін жеткізген. Сондай-ақ құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұраған. Алайда құрбысы қажетті ақшаны тауып бере алмаған.

Келесі күні Мадинаның қайтыс болғаны туралы хабар тараған.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде марқұмның бұған дейін отбасындағы жанжалдар туралы құрбысына айтып жүргені жазылды. Кей деректерде күйеуінің оған қол көтергені туралы мәліметтер де бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазір Мадинаның өліміне қатысты тергеу жүргізіліп, оқиғаның нақты мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр.