Меркіде көз жұмған келіншектің ажырасуға арыз жазғаны белгілі болды

Меркіде көз жұмған келіншектің ажырасуға арыз жазғаны белгілі болды
Коллаж: ult.kz

Меркіде көз жұмған 19 жастағы Мадина өлер алдын ажырасуға арыз жазып кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев айтты. Енді жәбірленушілердің құқық қорғаушылары марқұмның күйеуі Мадиярдан күдіктенеді. Себебі, өзіне қол жұмсайтын адам ажырасуға өтініш бермейтін еді деп санайды. Сонымен қатар, 8 айлық нәрестенің жағдайы да назардан тыс емес. 

"Мадинаның артында кішкентай баласы қалды. Біздің мақсатымыз — істің ақиқаты анықталып, Мадиярдың әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілуіне қол жеткізу. Сонымен қатар, баланы әжесінің қамқорлығына беру үшін барлық заңдық мүмкіндікті пайдаланамыз", - деп жазды журналист.