Мереке күндері елордада ауа райы ашық болады

Мереке күндері елордада ауа райы ашық болады


Синоптиктер елордада мерекелік демалыс күндері ауа райы қандай болатын болжады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 мамырда қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

2 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0-2 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.

3 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градус жылы болады.