Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов елдегі саяси реформалар мен партияның атқарған рөліне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды ult.kz.
«Мемлекеттік мүддені жеке партия мүддесінен жоғары қоямыз. Біз болашақты және алдағы стратегиялық жоспарларды ойлап барлық күштердің бір жұдырық боп жұмылғанын қалаймыз», - деді ол.
Ерлан Қошанов партияның популизмге емес, нақты іске және нақты нәтижеге жұмыс істегеніні еске салды. Оның нәтижесі – халықтың көз алдында. Партияның «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Тұрғындар аманаты» сияқты әлеуметтік жобалары кең қолдауға ие болып, жалпыұлттық қозғалысқа айналды.
Мәжіліс спикері атағандай, бұл жобалардың барлығы азаматтардың табысын арттыруға, несие ауыртпалығын азайтуға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Ең басты ерекшелігі – бұл бастамалардың бәрі тікелей азаматтардың қатысуымен жүзеге асып жатыр.