Freedom Inside '26

«Мемлекеттен миллион алмаймыз»: Бибісара Асаубаевның анасы елдегі дауға нүкте қойды

«Мемлекеттен миллион алмаймыз»: Бибісара Асаубаевның анасы елдегі дауға нүкте қойды
instagram.com/hakimliana_

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Хаким спортшының мемлекеттен миллиондаған қаржы алатыны туралы пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, қызына бюджеттен ай сайын 320 мың теңге ғана төленеді, ал әлем чемпионатындағы жеңісі үшін берілген сыйақы 2,3 мың долларды құраған, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Хаким спортшының мемлекеттен миллиондаған қаржы алатыны туралы пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, қызына бюджеттен ай сайын 320 мың теңге ғана төленеді, ал әлем чемпионатындағы жеңісі үшін берілген сыйақы 2,3 мың долларды құраған.

Лиана Хаким Instagram парақшасында қоғамда қалыптасқан қате түсінікке тоқталып, Sport Qory қоры мен Шахмат федерациясынан бөлінетін қаражаттың бюджет ақшасы емес екенін айтты. Оның сөзінше, бұл қаражат команданың жұмысына жұмсалады, ал жарыстардан түскен жүлде мен сыйақы – спортшының адал еңбегімен тапқан табысы.

Сондай-ақ ол өздерінің де басқа азаматтар секілді салық төлейтінін айтып, мемлекеттік қаржыландыру мен жеке қаражатты шатастырмауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, қаржылық қиындықтарға тап болғанын мәлімдеген еді. Шахматшы Norway Chess 2026 турниріне дайындықты өз қаражаты мен ата-анасының көмегі арқылы өткізгенін, ал бапкерлері мен сарапшыларының еңбекақысын әлі күнге дейін толық төлей алмағанын айтқан болатын.