Freedom Inside '26

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ult.kz. 

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.