Мемлекет басшысы «Tech Garden» инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы «Tech Garden» инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы «Tech Garden» инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық кластер орталығында орналасқан 4 технологиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен  бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. 

Инновациялық кластердің жұмысына 284 ұйым біріктірілген.  Олардың қатарында 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қарасты 166  компания, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар.

Мемлекет басшысы «Tech Garden» орталығының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.