Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.

Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.