Freedom Inside '26

Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгереді

Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгереді
ашық дереккөз

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфон қолдану ережелері әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ult.kz. 

Министрдің сөзінше, жоғары сынып оқушыларына смартфон қолдануға рұқсат беру керек. Себебі олар онлайн-платформалар арқылы білім алып, ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталғанда телефонын тапсыратын болады. 

Түпкілікті шешім жаңа қағидалар бекітілгеннен кейін қабылданады.