Freedom Inside '26

Медицинадағы алаяқтық: Маңғыстауда 221 млн теңге жымқырылған

Медицинадағы алаяқтық: Маңғыстауда 221 млн теңге жымқырылған
ашық дереккөз

Маңғыстау облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу басталды. Іс бойынша екі жекеменшік медициналық орталық — “IBN SINA” және “SOFIE MED GROUP” клиникаларының басшылығы күдікке ілінді, деп хабарлайды ult.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу деректеріне сәйкес, клиникалар ер адамдарға қойылған “варикоцеле” диагнозы бойынша көрсетілген қызметтерді рәсімдеу кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның кодын енгізген. Атап айтқанда, “кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы” қызметі көрсетілгендей есеп берілген.

Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз түрде қымбат медициналық қызметтер жазылып, емдеу құны бірнеше есе — тіпті 10 есеге дейін өсірілген. Сонымен қатар 19 жағдайда пациенттердің аталған клиникаларға мүлде жүгінбегені анықталды.

Жалпы келтірілген залал көлемі 221 миллион теңгеден асады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.