Мәскеуде көпбалалы ана 16-баласын дүниеге әкелді. Осылайша отбасында 9 ұл мен 7 қыз тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Нәресте Мәскеудегі Бауман атындағы №29 қалалық клиникалық аурухананың перзентханасында дүниеге келген. Дәрігерлердің мәліметінше, босану сәтті өтіп, ана мен сәбидің жағдайы жақсы.
Дүниеге келген ұл баланың салмағы 4200 грамм, бойы 56 сантиметр болды. Мамандар жүктілік пен босану барысында ана мен нәрестенің жағдайын тұрақты бақылауда ұстаған.
Қазір анасы мен жаңа туған сәби өздерін жақсы сезінеді. Перзентхана ұжымы бұл отбасының ұзақ жылдан бері дәл осы медициналық мекемені таңдап келе жатқанын айтып, ата-аналарға сенім білдіргені үшін алғыс білдірді.