Маңғыстау облысында оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ult.kz.
Әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілерге ордендер мен медальдар берілді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
– Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
– Аяпберген Сержан Талғатұлы – бөлімше командирі;
– Бегей Дастан Нұрболұлы – аға матрос (аға атқышы);
– Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – бөлімше командирі;
– Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – матрос (граната атқышы);
– Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – бөлімше командирі;
– Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – бөлімше командирі;
– Жаңабай Әсет Саматұлы – маман (көздеуші);
– Көбенов Алмас Жүсіпұлы – матрос (граната атқышы);
– Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – матрос (граната атқыштың көмекшісі);
– Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – матрос (граната атқышы);
– Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – матрос (оқшашар атқыштың көмекшісі);
– Төлеген Ақылбек Қабденұлы – аға матрос (аға атқышы);
– Тұрдыбекұлы Мирас – матрос (атқышы).
Сонымен қатар әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін тағы үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Олар:
– Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – матрос (атқышы);
– Темірхан Ақжол Тимурұлы – матрос (атқышы);
– Удалов Никита Александрович – маман (санитариялық нұсқаушысы).