Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі туған жері Түркістанға жеткізіліп, жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды ult.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында арнайы ұшақпен Түркістан қаласының әуежайына жеткізілген.
— Түркістан қаласының әуежайына аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сол күні марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, аға лейтенант туған жерінде жерленді.