Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды. 24 қыркүйекте Каспий теңізінде ауа райының күрт нашарлауынан 19 әскери қызметшіні теңіз ағызып әкеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш әскери қызметші құтқарылған. Олардың біреуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқару операциясына Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары, авиация және басқа да тиісті қызметтер тартылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр.