Маңғыстау облысында ойын алаңындағы қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген 12 жастағы бала қайғылы жағдайда көз жұмды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды ult.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы үйлердің бірінен кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала ақпарат бойынша, бала аулада орнатылған қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде жазатайым оқиғаға ұшырап, ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
«Аталған факті бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін баланың денесін аулада жүрген басқа бір бала байқап, ата-аналарын шақырғаны хабарланған болатын. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі жасөспірімнің көз жұмғанын растаған. Қайғылы жағд