Мамыр айында Шығыс Қазақстандағы әуе рейстері қайта ашылады

Мамыр айында Шығыс Қазақстандағы әуе рейстері қайта ашылады

Шығыс Қазақстан облысында келесі айдан бастап әуе рейстері ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мемлекеттік комиссияның төрағасы, еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнен Шығыс Қазақстан қалалары мен Нұр-Сұлтан, Алматы арасындағы ішкі авиарейстерді ашуға рұқсат беруін сұрадым. Осылайша, біз мамыр айының басынан облыстар арасында елімізде алғашқылардың бірі болып әуе қатынасын қайта ашамыз. Күн сайын Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Өскеменге дейін және кері қарай екі рейстен қатынайтын болады. Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Семей», «Алматы-Семей» бағыттары бойынша бір рейстен ұшады», - дейді әкім.

 

Оның айтуынша, өңір көлемінде енгізілген шектеу режимінен шығу жоспарының бірінші қадамы экономикалық жағдайды тұрақтандыру бағытын нақты бағдарлауға мүмкіндік береді.