Freedom Inside '26

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне жазған еркек туралы айтты

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне жазған еркек туралы айтты
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына өзіне келетін әдепсіз хабарламалар туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.


Todayinfo.kz сайты мәліметінше, тележүргізуші  Instagram желісіндегі жеке хаттарға үйленген, отбасы бар ер азаматтардан ұятсыз ұсыныстар жиі түсетінін жазған. 

«Бүгін Instagram-дағы директімді ашып, хаттарды қарап отырсам, арамызда әдеп шегінен шығатын адамдар көп екен. Бірнеше парақшаға кіріп қарасам, бәрі де үйленген, үлгілі отағасы, бала-шағалы азаматтар. Скриншот жасап, жариялайын деп едім, әйелдерін аяп, райымнан қайттым», – деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары оның жазбасына пікір қалдырып, мұндай әрекетке барғандардың бетін ашу қажет екенін айтты.

«Әйелдерінің көзі ашылсын», «Аямай жариялаңыз», «Мұндайларды жасырудың қажеті жоқ» деген пікірлер қалдырған оқырмандар аз болған жоқ.