Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты

Қызылорда облысының аудандарында коронавирус жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жыл басынан бері өңірде 1 570 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 942 адам Қызылорда қаласында тұрады. Ал аудандар бойынша Жаңақорғанда - 134, Қазалыда - 122, Сырдарияда - 110 адам коронавируспен ауырды. Одан кейінгі орындарда Шиелі -80, Қармақшы - 63, Арал - 60, Жалағашта - 59 адам. 

Кеше өңірде коронавирус инфекциясына қатысты жаңа 72 жағдай тіркелді Олардың арасында Қызылорда қаласында - 38, Қазалыда - 5, Қармақшыда - 7, Жалағашта - 1, Сырдарияда - 3, Шиеліде - 7, Жаңақорғанда - 11 адам коронавирус жұқтырды. 

«Өткен жылдан бері коронавирус инфекциясымен облыста 4 962 науқас есепке алынды. Оның ішінде 3 010 адам Қызылорда қаласында тұратын болса, аудандар бойынша Аралда -174, Қазалыда - 225, Қармақшыда -222, Жалағашта - 172, Сырдарияда - 293, Шиеліде - 374, Жаңақорғанда - 492 науқас тіркелді. 

Облыста өткен жылдан бері коронавирус инфекциясынан 16 қайтыс болды. Олардың 9-ы Қызылорда қаласының тұрғыны болса, Жалағашта – 2, Сырдарияда – 1, Шиеліде – 1, Жаңақорғанда - 3 адам көз жұмды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.