Күйіп қалған «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада көз жұмды

Күйіп қалған «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада көз жұмды

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында бояу құйылған бөшке жарылысынан зардап шеккен 50 жастағы жұмысшы ауруханада көз жұмды. Оқиға салдарынан оның денесінің 90% күйіп қалған болатын, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға өте ауыр күйік жағдайында және денесінің 90% термиялық күйік алған күйінде түсті. Медициналық қызмет көрсетудің барлық кешеніне қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды», - деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров. 

Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы екінші зардап шегушінің жағдайы орташа ауырл екенін хабарлады. Ол қажетті ем аалып жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ буы тұтанып, нәтижесінде газ аппаратурасының слесары мен жөндеушісі күйік алды. 

Қазіргі уақытта бұл істі арнайы комиссия тергеп жатыр.