Италияның Пьемонт аймағында тікұшақ фуникулердің тросына соғылып, ауада өртеніп, жерге құлады. Апат салдарынан 64 жастағы ұшқыш пен 63 жастағы жолаушы әйел қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Қайғылы оқиғаны жерден марқұм әйелдің күйеуі бақылаған. Ол қаза тапқан ұшқыштың туған ағасы болып шықты. Ер адам ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, ауруханаға жеткізілді.
Полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.