Freedom Inside '26

Krisha.kz мен Korter.kz заңсыз тұрғын үй жарнамасы үшін жауапқа тартылды

Krisha.kz мен Korter.kz заңсыз тұрғын үй жарнамасы үшін жауапқа тартылды
egemen.kz

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері Krisha.kz және Korter.kz интернет-платформаларының операторлары жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Себебі бұл платформаларда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй құрылысы нысандарының жарнамасы орналастырылған, деп хабарлайды ult.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша: «Колеса» АҚ-на (Krisha.kz) – 1000 АЕК көлемінде; «Флетфай-Қазақстан» филиалына (Korter.kz) – 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Заңнамаға сәйкес құрылысқа азаматтардың қаражатын тартуға және үлестік құрылыс нысандарын жарнамалауға уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда ғана жол беріледі.

Аталған интернет-платформаларда жарнамаланған нысандарда қажетті рұқсат құжаттары болмаған.

Сондықтан бастапқы тұрғын үй нарығынан пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттың және басқа да қажетті құжаттардың бар-жоғын міндетті түрде тексерген жөн.

Салынып жатқан тұрғын үй нысандарының құжаттары туралы ақпаратты Қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp желісі арқылы алуға болады: +7 (705) 89 66 000

Бүгінде аталған желі арқылы қала тұрғындарынан түскен 10 мыңнан астам өтініш қаралған.