ҰҚК Шекара қызметі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Алматыға ұшып келген шетелдік жолаушылардан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Жолаушылардың жүгін тексеру кезінде косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы табылған. Сараптама бойынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 келіден асқан.
Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.