Әнші Қайрат Нұртас күтпеген жағдайға тап болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода орыс ұлтынан болған жанкүйердің әншіге қарай жүгіріп барып, ерекше эмоциямен амандасқаны байқалады, деп хабарлайды ult.kz.
Жанкүйердің: «Осындай киініп алыпсың, ешкім танымайды деп ойладың ба?» — деген сөзі желі қолданушыларының назарын аударды. Кейін ол өнер иесімен бірге суретке түсіп, қуанышын жасырмады.
Аталған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбір оқырман мұны шынайы жанкүйерлік ықылас деп бағаласа, енді бірі мұндай әрекетті орынсыз деп сынға алған.