"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" АҚ аумағында жасырын казиноның жұмысы әшкереленді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық МКД экономикалық тергеулер қызметінің өкілі Жақсылық Мырзаханға сілтеме жасап.
Ол бұл оқиғаның 2016 жылы 21 желтоқсанда болғанын айтады.


Ойын залында 18 ойыншы ҚХР азаматы және қызмет көрсететін 20 адам болған. "Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Мырзахан.