Қордай ауданында қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Қордай ауданында қосымша шектеу шаралары енгізіледі

Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында коронавирус инфекциясына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шектеу шаралары:

1) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, Қордай ауданының елді мекендері арасында халықтың, оның ішінде қоғамдық көліктің қозғалуын 22.00 сағаттан 7.00 сағатқа дейін шектеу:

- жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде ғана тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

- шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге жүгіну;

- малын жаю;

- күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу;

2) аудан тұрғындарына туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға жол берілмейді;

3) шекаралық бақылау-өткізу бекеттерінде транзиттік жүк автокөліктерін, сондай-ақ Жамбыл облысының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар және материалдары бар автокөлікті қоспағанда, автокөліктің барлық түрлерінің сағат 19.00-ден 10.00-ге дейін кіруіне тыйым салынады;

4) коронавирус инфекциясының болуына қатысты зертханалық тексеру нәтижесі берілгенге шейін Қазақстан Республикасының аумағына келетін азаматтарды бір күндік стационарлық карантинге міндетті түрде орналастыру енгізіледі.

5) сондай-ақ ауданда қоғамдық көлік пен такси қозғалысы шектеледі;

6) Қордай ауданының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайарды қоспағанда сағат 19:00-ден 7:00-ге дейін автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізіледі: 

- транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бар жүк автокөлігі және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтері;

- шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге шығу;

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жүріп-тұру және кері қайту жағдайында жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігінің болуы.