QosLike жобасынан кейін көпшілікке танылған Ақерке Күнтуарова мен Ернар Бараков ресми түрде некелерін қиды. Бұл жаңалықты Ақерке әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.
Ақерке Күнтуарова неке қию рәсімінде түсірілген суреттерін жариялап, өміріндегі маңызды сәтті оқырмандарымен бөлісті. Фотолардан жас жұбайлардың ақ түсті киім таңдағанын көруге болады.
Ақерке жазбасында Ернарға деген сезімін білдіріп, оны өмірлік серігі ғана емес, жақын досы әрі тірегі деп атады.
"Сен – менің жұбайым, досым әрі тірегімсің. Біз Жәннатта да бірге болсақ екен деп дұға етемін", – деп жазды ол.
Қуанышты жаңалықтан кейін желі қолданушылары жұпқа жылы лебіздерін білдіріп, отбасылық өмірлеріне бақыт пен береке тіледі.
Айта кетейік, Ақерке Күнтуарова мен Ернар Бараков көрерменге QosLike жобасының қатысушылары ретінде таныс.
Ақерке мен Ернар QosLike жобасынан танылған
Ақерке Күнтуарова мен Ернар Бараков көпшілікке "Еуразия" бірінші арнасындағы QosLike жобасының қатысушылары ретінде таныс. 2025 жылы жарияланған мәліметтерде Ақеркенің 21 жаста, ал Ернардың 25 жаста екені көрсетілген.
QosLike – отбасын құруға ниетті қыз-жігіттердің танысып, бір-бірімен қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беретін әлеуметтік ойын-сауық жобасы. Бағдарлама 2017 жылдан бері көрерменге ұсынылып келеді. Жоба тарихында бағдарламада танысып, кейін қарым-қатынасын отбасылық өмірмен жалғастырған жұптар да бар.