Комиссия депутат Дәулет Мұқаевтың әрекетінен заңбұзушылық таппады

Комиссия депутат Дәулет Мұқаевтың әрекетінен заңбұзушылық таппады
Ербол Сейілханның ФБ парақшасынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жұбайын парламенттік атрибуттарды пайдаланып құттықтауына қатысты жүргізілген тексерудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.

Еске салайық, бұған дейін депутаттың жұбайын парламент атрибуттарын қолдана отырып құттықтаған видеосы  мен камера орнатылған смарт-көзілдірікпен Парламент ғимаратына келуі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.

Мәжіліс аппаратының түсіндіруінше, видео түсірілімі пленарлық отырыс залының алдындағы холл аумағында жүргізілген. Аталған жерде фото және видео түсіруге тыйым салынбаған.

Ал Орталық сайлау комиссиясы депутаттарға қатысты тәртіптік мәселелер Палата төрағасы немесе Парламент Бюросы тарапынан ресми жазбаша өтініш түскен жағдайда ғана қаралатынын хабарлады.

Нәтижесінде жүргізілген тексеріс барысында Дәулет Мұқаевқа қатысты заң талаптарының бұзылғаны расталмағаны белгілі болды.